Қазақстанда жалақының медианалық мәні 300 мың теңгеден асты

Pexels фото на taspanews.kz от 12 мая 2025 15:11
Фото: Pexels

Қазақстанда 2025 жылдың бірінші тоқсанында жалақының медианалық мәні 300 307 теңгені, атаулы жалақының орташа мәні – 423 133 теңгені құрады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


2024 жылдың І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі келесі салалар бойынша байқалды:


- ақпарат және байланыс – 31,3 %;


- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%;


- өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%;


"Медиана жалақысы – барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі, адамдардың жартысы сол мөлшерден аз, ал екіншісі көп жалақы алады. Бұл ең жоғары және ең төмен жалақы мөлшерін ескермей-ақ, «орташа» адамның қанша жалақы алатынын көрсетеді", – деп түсіндірілген анықтамада.

Следите за новостями Taspanews