Қазақстанда наурыз айында 147 мың көлік есепке қойылды
Фото: Pexels
2025 жылы наурыз айында көлікті есепке қою көрсеткіші 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% артқан, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 5 937,7 мың автокөлік тіркелді. Олардың 88,2% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 1,9% – автобустар. Автокөліктер саны 9,8%-ға артты.
"Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,8% бензинмен жүреді, аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,3%, дизель отынымен – 7,1%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 083 бірлікке ұлғайды, көліктің жалпы санында газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі – 0,3%",
Статистика бойынша, 14 266 автокөлік электр энергиясы есебінен қозғалады. Олар көлік құралдарының жалпы санының 0,2% құрайды. 2024 жылмен салыстырғанда электромобильдер саны 1,5 есе артқан.