Қазақстанда қосылған құн салығы мөлшерлемесі көтеріледі

pixabay.com фото на taspanews.kz от 09 апреля 2025 14:20
Фото: pixabay.com

2025 жылы 9 сәуір күні ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстандағы қосылған құн салығының шегі мен салық мөлшерлемесі қандай болатыны туралы мәселе қарастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Салық кодексін талқылау барысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қосылған құн салығы мөлшерлемесі ендігі кезекте 16 пайызды құрайтынын, ал компаниялар салық төлеуге міндетті шек 40 миллион теңгеге дейін көтерілетінін айтты.


«Бұл шешім ең дұрыс деп айта алмаймын, себебі осыдан Қазақстан 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, бюджетке шамамен 400 миллиард теңге кірмей қалады. Дегенмен, бұл шағын компанияларды шамадан тыс жүктемеге жекпеу үшін бизнеске жасалған көмек», – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, бұрынғы заң бұзушылықтарынан кейін жеке кәсіп ашқан немесе белсенді емес кәсібі барлар үшін жаңа бизнесті тіркеу процесі қиындай түседі. Бұл бақылау сапасын арттыруға көмектесуі керек.


Айта кетсек, жаңа Салық кодексінің жобасында шағын және орта бизнес субъектілері үшін де өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, жеке кәсіп (ЖК) ашу процесі қиындайды. Бұл әсіресе бұрынырақ салықтық құқық бұзушылықтарға жол берген немесе кәсібін белсенді жүргізбеген азаматтарға қатысты. Бұл шаралар салық есебін жүргізу тәртібін дұрыс ойластыруға және салықтық құқық бұзушылықпен күресуге бағытталған.


Сонымен қоса, билік өкілдері экономиканың әртүрлі секторлары үшін сараланған ҚҚС мөлшерлемесін енгізу мәселесін талқылаған еді. Алайда, нәтижесінде бұрынырақ ұсынылған 12% мөлшерлеменің орнына 16% бірыңғай мөлшерлемені енгізу туралы шешімге келді. Мұндай өзгерістер салық төлеушілер санына әсер етуі керек, алайда Үкіметте 160 мың жаңа салық төлеушіні жоғалту арқылы бюджет шамамен 400 миллиард теңгеден құр қалады деп болжауда.


Салық кодексіне өзгерістерді енгізу мен талқылау жалғасуда. Депутаттар мен Үкімет өкілдері салық ауыртпалығы мен бизнестің экономикалық мүддесі арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды екенін алға тартады.


Следите за новостями Taspanews