Қазақстанда бензин мен дизель қымбаттауы мүмкін бе?

pixabay.com фото на taspanews.kz от 21 мая 2025 12:40
Фото: pixabay.com

Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) уақытша тоқтайды – 2025 жылдың 18 маусымы мен 17 шілдесі аралығында зауытта жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Мұндай жоспарлы жөндеу жұмыстары – зауыттың қауіпсіз әрі үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажет қалыпты тәжірибе.


Қазақстандықтар жанармайсыз қала ма?


Зауыт алдын ала жанармайдың үлкен қорын дайындап жатыр – шамамен 50 мың тонна бензин, 25 мың тонна дизель және 7 мың тонна авиакеросин.


«Бұл қор ішкі нарықтағы жеткізілімдердің тоқтап қалмауы және жүргізушілер мен компаниялар ешқандай қолайсыздық сезінбеуі үшін қажет. Сонымен қатар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары жұмысын жалғастырып, нарықты тұрақтандырады», – деді компанияда.

Мұндай жөндеу жұмыстары формалдылық емес. Заң бойынша, әсіресе қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар мұқият тексерілуі тиіс. Бұл жолы ПМХЗ-де компрессор турбинасы жөнделіп, жанармай сапасы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін катализатор ауыстырылады.


«Барлық жұмыстарды орындау үшін 1100-ден астам мердігер мамандар тартылады. Олар зауытты жөндеу жұмыстарынан кейін сенімді әрі қауіпсіз жұмысқа қайта қосу үшін еңбек етеді», – деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз».

Павлодар мұнай-химия зауытының уақытша тоқтауы өңірлік жанармай нарығына аздаған әсер етуі мүмкін. Бензин, дизель және авиакеросиннің алдын ала қорлануына қарамастан, жергілікті жанармай құю бекеттері мен тасымалдау компаниялары уақытша тапшылыққа тап болуы ықтимал.


Осыған байланысты, әсіресе сұраныс жоғары болған жағдайда, бензин мен дизель бағасы сәл көтерілуі мүмкін. Көлік жүргізушілері мен жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерге жанармайды алдын ала сатып алу жоспарын құру ұсынылады.


Следите за новостями Taspanews