Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға қосымша құн салығы салынбайды

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 09 апреля 2025 11:28
Фото: Pixabay.com

ҚР Жаңа Салық кодексінің жобасында депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне салық мөлшерлемелерін сақтауды ұсынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Депутттардың келесі ұсыныстары бойынша салық мөлшерлемелері сақталды:


-      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап баспасы, археология қосымша құн салығынан босатылады;


-      Үкімет әлеуметтік саладағы, денсаулық сақтаудағы қосымша құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін анықтайды. Ақылы қызметтерге ғана 10% қосымша құн салығы салынады


-      әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы 2026 жылдан бастап 5%-ға. 2027 жылдан бастап 10%‑ға кезең-кезеңімен өседі;


-      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бағытталған «минус 70%» жеңілдік мөлшерлемесі сақталады;


-      өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% болып сақталады


-      банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынады. Бағаның өсуіне жол бермес үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірігіп, тарифтердің негізділігін талдайды.


Арнаулы салық режимінде рұқсат етілмейтін әрекеттер тізімі ғана енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат беріледі.


Следите за новостями Taspanews