Қазақстан ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек

Pexels фото на taspanews.kz от 16 июня 2025 10:26
Фото: Pexels

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте 2025 жылы 5 ай ішіндегі ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға үлес қосатын салалардың даму серпінін арттыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.


Осы орайда, өнеркәсіп экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші ретінде бағаланды.


«2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен», – делінген ресми хабарламада.

Одан бөлек, құрылыс саласындағы өсу қарқыны белсенді. 5 айда 15,4 % өсім байқалды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады.


«Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары», – делінген ресми ақпаратта.

Алдыға жаңа мақсаттар қойылып, ЖІӨ-ді 6 %-ға жеткізу жоспарланды. Әкімшілік кедергілерді жедел жою маңызы алға қойылып, әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлау әзірлеу қажеттігі айтылды.


Следите за новостями Taspanews