Қазақстан Тәжікстанға астық жеткізуді ұлғайтады

Фото: Pixabay
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзодамен және тәжік аграрлы бизнес өкілдерімен кездесуде астық экспорты әлеуетін талқылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Келіссөздердің негізгі бағыты – Қазақстаннан Тәжікстанға астық экспортын ұлғайту мәселесін талқылау болды. Одан бөлек, астық нарығы бойынша ақпарат алмасу, аграрлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту сөз етілді.
Тәжікстанға жылына орташа алғанда 1 млн тонна астық жеткізіледі. 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың маусымы аралығында жаңа егіннен 1,2 млн тонна астық экспортталды.