Астанада Түрік мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық банктері өкілдері кеңесінің бірінші отырысы өтті

Ақорда фото на taspanews.kz от 27 мая 2025 14:59
Фото: Ақорда

Тариф саясатының өзгеруінен туған трансформация жағдайында Қасым-Жомарт Тоқаев көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы саласында күш біріктіру қажеттігін баса атап өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Жиында экономикалық және инвестициялық серіктестікті ілгерілету сөз етілді.


Кеңеске Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов, Әзірбайжан Орталық банкінің төрағасы Талех Тахир оглы Кязимов, Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Мелис Тургунбаев, Түркия Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Орталық банкі төрағасы Тимур Ишметов пен Мажарстан Орталық банкі атқарушы директоры Габор Соч қатысты.


«Жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгені қуантады. Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді. Жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланды», – деді Мемлекет басшысы.

Следите за новостями Taspanews