2025 жылы мамыр айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 33 986 мәміле жасалды

Pexels фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 16:10
Фото: Pexels

2025 жылы мамырда тұрғын үйді алып-сату бойынша мәміле саны сәуір айымен салыстырғанда 7,7% азайған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Жеке тұрғын үйлер бойынша 7 745, пәтерлер бойынша 26 241 мәміле жасалды.


Алматы (7 161) мен Астана қалалары мәмілелер (6 077) саны бойынша бірінші орында.


Бір айдың ішінде баға келесідей өзегрген:


Жаңа пәтерлер 0.7 %-ға қымбаттаған;


қолданыстағы пәтерлер 0,3% арзандаған;


Жалға алу 1,4%-ға арзандаған.


«2025 жылдың сәуірімен салыстырғанда мамырда мәмілелір санының ең көп өсімі Абай (+11,4%) облысында және Алматы (+2%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау (-31,3%), Шығыс Қазақстан (-18%) және Атырау (-17,8%) облыстарында болды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews